Танымал емші Бағдагүл Лепесованы өз келіні сотқа берді, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, басына түскен жағдайды оқырмандарымен бөлісті.
«Ақ келін» деген пайдам. Сотқа беріпті! Бүкіл көрші, ағайын-туысымды, достарымды ертіп барамын, бұйырса. Сол келінге қандай қиянат жасадым екен?» – деп бөлісті Бағдагүл Лепесова.
Емші келінінің бұл әрекетін күтпегенін жеткізіп, оған қандай да бір қиянат жасағанын түсінбей, аң-таң болып отырғанын жазды.
«Жеті жыл келін болғанда қандай мақсатпен жүргені анықталды! Әлі ақшаға тоймай жатсың ба? Алладан мен байлық емес, бақыт сұраған едім. Қателесіп кеттім-ау. Үй көрмей еңбек етіп жүрмін ғой. Адал нан жедім. Жұмсақ, жайлы төсекке анда-санда демалам, жолда жүрем. Бір «қой» дейтін үлкендері жоқ па? Адамгершілік деген болуы керек шығар. Масқара ғой! Бүгін жазығым — киелі заттардың ақшасын алуына рұқсат бермедім! Сол үшін сотқа шағым түсіріп отыр. Тып-тыныш ажырасып кетуіне болады. Дұрыс адам болсаң, егер де. Қазір заңды сылтау қылып, ақша алуға көшкен. Бұл да заманның ақыры болар! Кешегі Баян мен Динараның сотынан үлгі алған түрі ғой. Үйімізді сатып алысқа кетпесек, жағдайымызды қиындатар бұлар!»