Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар қызметтерінен кетті, деп хабарлайды Alash.kz.
Президент шешіміне сәйкес, Сатыбалды Бұршақов Қазақстанның Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін тоқтатты. Сондай-ақ Дархан Ахмедиев Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Кадрлық өзгерістер Президент Әкімшілігі мен Іс басқармасын да қамтыды. Абай Алтай Президент Іс басқарушысының орынбасары орынын босатса, Ербол Адаев Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметін аяқтады.