«Әділет» партиясы бір палаталы Парламенттегі 145 орынның 110-ына ие болды, деп жазады Alash.KZ.
«Әділет» партиясы саяси кеңесі бюросының отырысында Құрылтайдың I шақырылымына депутаттық мандат алған 110 кандидаттың тізімі бекітілді. Астанада өткен жиынға партия төрағасы Айбек Дадебай жетекшілік етті.
Қабылданған шешім мен партиялық тізім депутаттарды ресми тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды.
Сайлау нәтижесінде «Әділет» партиясы сайлаушылардың 71,17 пайыз дауысын жинап, 145 депутаттық мандаттың 110-ына ие болды. Партия мәліметінше, оған 6,5 миллионнан астам қазақстандық дауыс берген.
Кімдер депутат атанды?
Депутаттық мандаттар бөлінген кандидаттар тізімі:
1. Авершин Константин Викторович
2. Адаев Ербол Дәненұлы
3. Адамбеков Тілектес Серікбайұлы
4. Аймағамбетов Асхат Қанатұлы
5. Аймағанова Айжан Талғатқызы
6. Алтай Абай
7. Атабаева Гүлзира Нұржанқызы
8. Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы
9. Ахмедиев Дархан Мейрамұлы
10. Адамбек Кендебай Сарыбайұлы
11. Амантайұлы Жарқынбек
12. Әбдікешов Алмат
13. Әмірғалиев Мадияр Орынтайұлы
14. Әлімқұлов Бекжан Мухидинұлы
15. Әшімова Аяужан Тұрсынбекқызы
16. Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы
17. Бәденова Әсел Жанболатқызы
18. Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы
19. Басин Вадим Борисович
20. Батырбеков Ерлан Ғаділетұлы
21. Башымов Марат Советұлы
22. Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы
23. Беркімбаев Берік Серікұлы
24. Больгерт Евгений Андреевич
25. Бұршақов Сатыбалды Ересұлы
26. Байбеков Шалқар Заманбекұлы
27. Бәзенов Айрат Бәзенұлы
28. Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы
29. Бақытбекұлы Нұркен
30. Баялышбаев Елдос Қайыркенұлы
31. Годунова Наталья Николаевна
32. Дәдебай Айбек Арқабайұлы
33. Данилов Александр Сергеевич
34. Данағұлов Ербол Жеткергенұлы
35. Данбаева Жұлдыз Сейітқамзақызы
36. Ділдабек Дидарбек Жұмағалиұлы
37. Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы
38. Ералиев Бегалы Ералыұлы
39. Ерназар Шынасыл Жеңісұлы
40. Есімханов Сұңғат Қуатұлы
41. Ескендірова Ақерке Нұрғалиқызы
42. Елеусізова Бота Серікқызы
43. Ералиев Мағжан Абзалұлы
44. Ергешбек Нұрсадық Ергешбекұлы
45. Жансеңгіров Арман Серікұлы
46. Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы
47. Жамалов Бауыржан Салдарұлы
48. Жүкебаев Алмат Отаубайұлы
49. Жылқыбаева Ләззат Әуезханқызы
50. Зәкиева Динара Болатқызы
51. Имашева Снежанна Валерьевна
52. Қарабасова Лаура Шапайқызы
53. Қаринова Шолпан Таңатқызы
54. Қайырова Әсел Әнуарқызы
55. Қожаниязов Серік Салауатұлы
56. Кемалов Мейрамбай Тамабайұлы
57. Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы
58. Қожаев Марат Шәдетханұлы
59. Қожахметова Ләззат Таймырқызы
60. Кузиева Замира Закировна
61. Кучинская Юлия Владимировна
62. Қамзабекұлы Дихан
63. Оспанбеков Әмірбек Қанатбекұлы
64. Оспанов Шота Сәбитбекұлы
65. Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы
66. Перепечина Ольга Валентиновна
67. Петров Константин Викторович
68. Пономарёв Сергей Михайлович
69. Пулатов Шерзод Аббозович
70. Рамазанова Наталья Сергеевна
71. Рожин Максим Николаевич
72. Рымжанов Мәди Рысбекұлы
73. Савельева Татьяна Михайловна
74. Сайыров Ерлан Бияхметұлы
75. Сарым Айдос Әміроллаұлы
76. Смышляева Екатерина Васильевна
77. Сүгірбай Аят Исатайұлы
78. Сулаймонова Русана Русланқызы
79. Сүлейменова Айсұлу Қанатқызы
80. Сағынов Замир Садықұлы
81. Себасов Марат Бақбергенұлы
82. Семидоцких Елена Александровна
83. Темірбаева Айжан Маратқызы
84. Тен Ирина Сергеевна
85. Тоқтамұрат Армангүл
86. Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы
87. Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы
88. Тамабек Әбілқайыр Ғалымұлы
89. Тілемісов Тұрарбек Тілемісұлы
90. Теренченко Илья Сергеевич
91. Тоқшылық Ерлан Бейсенұлы
92. Толыбаев Нұрлан Әлішерұлы
93. Шапақ Үнзила
94. Шаталов Никита Сергеевич
95. Шибұтов Марат Мақсұмұлы
96. Щербаков Станислав Александрович
97. Маралов Дәурен Әділмырзаұлы
98. Мұсылманбек Ерқанат
99. Мұхамбедиев Мұратбек Қайырсәпиұлы
100. Медеуова Дана Теміртайқызы
101. Нахбаева Гүлісхан Сайфулинқызы
102. Нарымбетов Бахадыр Мадалыұлы
103. Найымбекова Айжан Ізбасханқызы
104. Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы
105. Ниязалиев Нұржан Әуезұлы
106. Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы
107. Халықов Арман Қобыландыұлы
108. Хайруллин Арман Ғабидоллаұлы
109. Хайруллиев Мұса Қарашаұлы
110. Ысқақова Айжан Амангелдіқызы
Фракция құрамында кімдер бар?
Жаңа фракция құрамында 37 әйел болады. Бұл депутаттардың жалпы санының 33,6 пайызына тең. Сонымен қатар мандатқа 13 жас өкілі ие болды, олардың үлесі – 11,8 пайыз.
Мүгедектігі бар екі азамат та депутаттық мандат алды. Олар фракцияның 1,8 пайызын құрайды.
Басқа этнос өкілдері фракция құрамының 19 пайызын немесе 21 депутатты құрайды. Жаңа құрамның орташа жасы – 46,7 жас.
24 депутаттың Парламентте жұмыс тәжірибесі бар
Жаңа құрамға Ұлттық құрылтайдың бұрынғы 13 мүшесі енді.
Ал 24 депутаттың Парламентте жұмыс тәжірибесі бар. Оның ішінде 20 адам бұған дейін Мәжілісте, тағы төртеуі Сенатта қызмет атқарған.
Сондай-ақ 10 депутат Президенттік жастар кадр резервінің құрамында, төрт депутат Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңеске, бес адам Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға кірген.
Бұған қоса, жаңа фракция құрамындағы 26 адам бұған дейін мәслихат депутаты болып сайланған.
Фракцияда үш эколог, волонтерлік қозғалыстың екі өкілі және IT саласының төрт маманы да бар.