Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«БАӘ-де екі қазақ қызы қаза тапты»: Жұмбақ өлімге күдікті кім?

09:31, 27 тамыз 2026

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында Қазақстанның екі азаматы қаза тапты. Бұл қайғылы ақпаратты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми түрде растады, деп хабарлайды Alash.kz.

СІМ мәліметінше, қазіргі уақытта БАӘ-нің жергілікті құзырлы органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу ку құпиялылығына байланысты қосымша ақпарат әзірге жарияланбайды. Осы ретте Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы марқұмдардың отбасыларына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп, тиісті құжаттарды рәсімдеуге және жергілікті органдармен байланыс орнатуға жәрдемдесіп жатыр. ҚР СІМ қаза тапқан А.Б. және Ж.Б. есімді бойжеткендердің туған-туыстарына көңіл айтып, отбасыларымен тұрақты байланыста екенін жеткізді.

Марқұмдардың жақындары ұсынған мәліметке сүйенсек, 2004 және 2006 жылы туған екі қыз Шарджа қаласында жұмыс істеген. Олар тамыздың соңы немесе қыркүйектің басында елге оралуды жоспарлаған екен. Алайда шамамен бір апта бұрын бойжеткендер туыстарымен байланысқа шықпай қалған. Соңын ала жақындарына олардың денелері табылғаны белгілі болды. Отбасы өкілдері қыздардың пышақ жарақатынан көз жұмған болуы мүмкін екенін, сондай-ақ оқиғаға қатысты күдікті ретінде Қазақстан азаматының ұсталғанын алға тартуда. Десе де, өлім себебі мен күдіктінің азаматтығы туралы бұл ақпараттарды ресми органдар әлі растаған жоқ.

Оған қоса, әлеуметтік желілерде марқұмдардың туған-туыстары қыздардың сүйегін Қазақстанға жеткізуде қаржылай және ұйымдастырушылық қиындықтар туындағанын айтып, көпшіліктен көмек сұрауда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар