Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

10:19, 27 тамыз 2026

«Болашақ» халықаралық стипендиясы мен «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ресми мәліметтерге сәйкес, бұл жолы Қазақстанның 184 азаматы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алу мүмкіндігіне ие болды. Олардың ішінде 137 стипендиат магистратурада, 10 адам докторантурада білімін шыңдаса, 37 маман әлемнің алдыңғы қатарлы ұйымдарында кәсіби тағылымдамадан өтеді.

Сонымен бірге, отандық ғылымды дамыту мақсатында тағы 51 қазақстандық ғалымға халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарында біліктілікті арттыруға грант бөлінді. Олар әлемдік деңгейдегі зертханаларда тәжірибе жинақтап, отандық ғылыми жобаларды ілгерілетуге үлес қосады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар