Елімізде «Ұмай» әйелдер ипотекасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады, деп хабарлайды Alash.kz.
Тұрғын үй бағдарламасы бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14,8%-ды (ЖТСӘ 16,3%-дан 16,8%-ға дейін) құрайды, ал қарыздың ең жоғары сомасы 50 млн теңгеге дейін белгіленген. Бастапқы жарна мөлшері Астана мен Алматы қалалары үшін кемінде 20%-ды, ал еліміздің өзге өңірлері үшін 15%-ды құрайды.
Бағдарламаға қатысушылар төлем қабілеттілігін растау үшін соңғы алты айдағы ресми табысы мен зейнетақы аударымдары туралы мәліметті ұсынуы тиіс. Шартқа сәйкес, отбасының орташа айлық таза кірісі 1,25 млн теңгеден аспауы керек. Өтінімдер «Отбасы банк» бөлімшелерінде де, онлайн форматында да қабылданады.