Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Енді ол жоқ!»: Трамп шекара мәселесінде ел күтпеген шешім шығарды

14:00, 27 тамыз 2026

Дональд Трамп АҚШ пен Канада шекарасындағы Онтарио көлінің атауын өзгерткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Екі ел арасындағы сауда келіспеушіліктері ушыққан тұста АҚШ Президенті шекаралық картаға өзгеріс енгізді. Ол картадағы «Онтарио көлі» деген жазуды өшіріп, орнына «Америка көлі» деп жазып қойған.

«Енді ол жоқ! Баршаңызға үлкен рақмет. Рахаттанып пайдаланыңыздар», – деді Дональд Трамп жаңартылған шекара картасын жұртшылыққа көрсете отырып.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар