Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді - Жоғарғы Рада

09:07, 27 тамыз 2026

Украинада әскери қызметкерлердің жалақысын төлеуге бюджет қаражаты жеткіліксіз. Бұл туралы Жоғарғы Рада депутаты Василий Мокан мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін әскери қызметшілерге төлем жасауға қажетті қаржы қазірдің өзінде жоқ. Депутат қауіпсіздік және қорғаныс саласын қаржыландыруда тапшылық туындайтыны алдын ала белгілі болғанын атап өтті.

«2026 жылдың жаз ортасына қарай қауіпсіздік пен қорғаныс күштерін қаржыландыру мәселесі туындайтыны басынан-ақ түсінікті еді. Қазір сол болжам шындыққа айналып отыр», – деді Мокан украиналық «Суперпозиция» YouTube-арнасының эфирінде.

Депутат бюджет шығыстарын қысқарту қалыптасқан жағдайды шешуге көмектеспейтінін де айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар