Леңгірде әйелді аяусыз соққыға жыққан бұзақылар ұсталды (ВИДЕО)
12:28, 27 тамыз 2026
Ашық дерекөздерден
Түркістан облысының Леңгір қаласында тұрғын үйге басып кіріп, үй иесін аяусыз соққыға жыққан екі күдікті қолға түсті. Түнгі уақытта үйге заңсыз кірген олар бір сағат бойы әйелді ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып әкеткен болатын, деп жазады Alash.KZ.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Төлеби ауданының екі тұрғыны анықталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Іс Түркістан облыстық Полиция департаменті басшылығының тікелей бақылауында.
Ресми мәлімет бойынша, әлеуметтік желіде видеосы тараған зардап шегушінің жағдайы қазір тұрақты, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Соңғы жаңалықтар
Досхан Жолжақсынов 75 жасқа толды: Алматы әкімі Президенттің құттықтауын табыстады
14:00, 11 қазан 2026
Түркияда 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынады
14:53, 10 қазан 2026
Трамп Нобель комитетін сынға алып, "Маған Нобель сыйлығын бермеді" деп жазғырды
13:29, 10 қазан 2026