Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы – Ташкент бағытындағы пойызда әйелдерге арналған вагон пайда болады

09:16, 27 тамыз 2026

2026 жылғы 1 қазаннан бастап №1/2 «Алматы – Ташкент» халықаралық пойызында жолаушыларға жаңа қызмет ұсынылады. Осы бағытта алғаш рет әйелдерге арналған арнайы вагон қатынай бастайды, деп жазады Alash.KZ.

«Әйелдер вагонына» билет тек әйел жолаушыларға рәсімделеді. Вагондағы қызметті әйел жолсеріктер көрсетеді. Сонымен қатар ересек адамның бірге жүруі арқылы 7 жасқа дейінгі ұл балаларды вагонға отырғызуға рұқсат етіледі.

Жолаушылар билетті теміржол кассаларынан немесе bilet.railways.kz сайты арқылы сатып ала алады. Онлайн билет рәсімдеу кезінде «ЖН» белгісін таңдау қажет.

Жаңа бағыттың қосылуымен әйелдер вагоны қызметі ұсынылатын теміржол бағыттарының жалпы саны 14-ке жетеді.

Айта кетейік, бұл вагондарға билеттер пойыздың жөнелтілуіне 45 тәулік қалғанда сатылымға шығарылады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар