Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өз әкесі зорлаған»: Өскемендік 3 жасар бүлдіршіннің анасы бар шындықты айтты (ВИДЕО)

14:24, 27 тамыз 2026

Өскеменде үш баланың анасы Айнұр Сүлейменова кәмелетке толмаған қызына қатысты ақпан айында қозғалған істің созылып кеткеніне шағымданып, құзырлы органдардан араша сұрады, деп хабарлайды Alash.kz. 

Әйелдің айтуынша, екі жастан асқан қызы әкесі тарапынан орынсыз әрекеттер жасалғанын жеткізген. Тексеру кезінде дәрігерлер баланың денесінен қабыну белгілерін анықтаған. Шағымданушы тарап істің соңына дейін жеткізіліп, кінәлінің заң алдында жауап беруін талап етуде.

«Ол маған айтқан сәтте, бірден қызымды гинекологқа апардым. Тексергенде, әуретті жері қызарып кеткен. Қабынған жерін екі апта емдедік. Оның қорытындысы бар. Ал қызым маған әкесінің үнемі әуретті жерін ұстағанын айтты.
Кәмелетке толмаған баланың анасы ретінде әділдік орнағанын қалаймын. Қызымның құқығын қорғаңыздар. Қылмыстық іс 121-баптың 4-бөлігі бойынша қозғалған еді. Тергеу әлі аяқталған жоқ. Құзырлы органдардан бұл істі қатаң бақылауға алуды сұраймын», – деді Айнұр Сүлейменова.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бастапқыда бұлтартпау шарасы қолданылғанымен, кейін тергеу сотының қаулысымен ол үйқамаққа босатылған. Анасы күдіктінің бостандықта жүргеніне алаңдап, істің аяқсыз қалуынан қауіптенеді.

«Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әрекеттер жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар