Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Белгілі актер, өнер жұлдызы 80 жасында өмірден өтті (ФОТО)

11:03, 27 тамыз 2026

«Үйде жалғыз қалғанда» және «Ол» фильмдерінің жұлдызы Тим Карри 80 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Alash.kz.

Британдық актер 25 тамызда Лос-Анджелестегі өз үйінде көз жұмды. Актер соңғы жылдары денсаулығының нашарлауына байланысты емделіп жүрген. Құқық қорғау органдары оның өлімінен зорлық-зомбылық белгілерін тапқан жоқ.  

Стивен Кингтің «Ол» экранизациясындағы сайқымазақ Пеннивайз рөлі Карридің танымал жұмыстарының бірі болды. Сонымен қатар актер «Үйде жалғыз қалғанда 2», «Энни» және «Өте қорқынышты кино 2» сияқты танымал фильмдерге түскен.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар