Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада тыңшылық жасады деген күдікпен Өзбекстан азаматы, Нәрікбаев атындағы университет профессоры тұтқындалды

14:11, 27 тамыз 2026

Астанада Мақсұт Нәрікбаев атындағы университет профессоры, Өзбекстан азаматы Икболжон Корабоев тыңшылық жасады деген күдікпен екі айға жуық уақыт бойы қамауда отыр, деп жазады Alash.KZ.

46 жастағы профессор Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-былығы («Тыңшылық») бойынша күдікке ілінген, бұл бап 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Ғалымның туыстарының айтуынша, 3 шілде күні азаматтық киімдегі белгісіз адамдар оны үйінен алып кетіп, Өзбекстанның Астанадағы консулдығының қызметкеріне ақпарат берді деп айыптаған.

Ал Жоғары оқу орны мен Өзбекстанның ресми органдары БАҚ сұраныстарына жауап берген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар