Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ең үлкен бақыт… Жақсы көремін”: Қыдырәлі Болман жарына әсерлі жазба арнады

22:00, 15 қыркүйек 2026

Әнші Қыдырәлі Болман желідегі парақшасында жары Қарақат Әбілдинаға арнап әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі отбасылық өміріндегі маңызды күндердің бірін еске алып, жұбайымен ақ некесін қиған сәті туралы жазды.

"20-тамыз, қасиетті жұма күні Алматының орталық мешітіне барып, ақ некемізді қидырдық…. "Ей мейірімді Алла, өзің қостың, енді өзің екеумізді ажыратпа! Бақыт бер, арамызға адалдық, ынтымақ-бірлік бер, бірлігімізге береке бер" деп тілеген күніміз бүгін. Аллаға сансыз мадақ! Алла бере салғандарымды тоғыз ай көтеріп, әрқайсын өмір мен өлімнің арасында айқасып, дүниеге келтіретін ардақты аналарымызды ардақтай алу да – бір бақыт!"

Қыдырәлі Болман жарына деген алғысын білдіріп, оны өмірлік серігі әрі балаларының анасы ретінде ерекше атап өтті.

"Асыл жарым, өмірлік серігім, балапандарымның анасы – Қақатыма да ризалығым шексіз! Жақсы көремін, жан-жарым. Алла ұзағынан сүйіндірсін! Ең үлкен бақыт – балаларымыздың бақытын көрсетсін! Шүкір етеміз!Сіздерге де бақыт-береке, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Мемлекетіміз, еліміз, жеріміз аман болсын!" – деп жазды өнер иесі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар