Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Доллармен ойлауды доғарыңыздар…»: Ұлттық банк төрағасы халыққа тың үндеу жасады (ВИДЕО)

14:59, 01 сәуір 2026

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов отандастарымызды қаржылық әдеттерін өзгертуге және шетелдік валютаға деген көзқарасты қайта қарауға шақырды, деп жазады Alash.kz. 

Бас банкирдің пайымдауынша, долларды «сақтық үшін» сатып алу стратегиясы қазіргі экономикалық жағдайда өзін ақтамайды. Бұл үрдіс жинақ иелері үшін пайда әкелудің орнына, керісінше, қосымша шығындарға алып келуі мүмкін екені ресми түрде мәлімденді.

Қаржы реттеушісінің басшысы халықты валютаны негізгі жинақ құралы ретінде қабылдаудан бас тартуға үндеді. Тимур Сүлейменов бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын былай деп жеткізді:

«Долларды келешекте керек болар деп сатып алу әдеті бұдан былай жұмыс істемейді және қазақстандықтар үшін қымбатқа түсуі мүмкін».

 Ол қаржылық сауаттылықты арттырып, ұлттық валютаға сенім білдірудің маңыздылығын алға тартты. Бұған қоса, Ұлттық банк төрағасы өзінің жеке тәжірибесімен бөлісіп, доллар сатып алмағалы көп уақыт өткенін ашып айтты. Оның айтуынша, қаржылық ойлау жүйесін заман талабына сай өзгерту - әрбір азаматтың бюджетін тиімді басқарудың кепілі.

Төраға: «Финанстық ойлауды өзгертіп, валютаны жинақ сақтау тәсілі ретінде қабылдауды тоқтату керек», — деп кеңес берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар