Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бишімбаев ісі" жүріп жатқанда Жоғарғы соттың екі судьясы қызметтен босатылды

15:48, 03 сәуір 2024 729
Тұтас халықтың назарын аударған "Бишімбаев ісі" жүріп жатқан уақытта Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы сотының екі судьясын қызметінен босатты. Бұл жайлы Alash.KZ ұлттық порталы хабарлады. 
 
2024 жылдың 3 сәуірінде Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы сотының екі судьясын қызметінен босатты. 

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, қазылықтағыларды қызметтен шеттету жайлы мемлекет басшысынан тиісті ұсыныс түскен.

"Мемлекет басшысы Сіздің қарауыңызға Әбдірашит Төлегенұлы Жүкенов пен Зәуре Балғазықызы Кейкібасованы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босатуды ұсынды.Екеуі де зейнеткерлік жасқа толған, еңбек өтілі 28 жыл 31 жыл. тиісінше", - деді ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Депутаттар бұл ұсынысты қолдап, қарсылық танытпады. 

Орайы келгенде айта кетейік, бүгін Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысы болды. Жиында Салтанат Нүкенованың дәретханаға қамалып алып, барлық бағалы әшекейлерін суға ағызғанын айтты. Бірнеше мәрте жерге құлап, оқыстан, "жазым болып қаза тапқанын" мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар