Бишимбаев сот отырысында Салтанат Нүкенованың дәретханаға қамалып алып, барлық бағалы әшекейлерін суға ағызғанын айтты. Бірнеше мәрте жерге құлап, оқыстан, "жазым болып қаза тапқанын" мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Бишимбаев Салтанат Нүкенованың бірнеше мәрте құлап, басын соғып, соның салдарынан қаза тапқанын хабарлады.
"Ол бұтын шешкісі келді, Мен оны қапсыра құшақтап алдым. Ауырлығынан ырқыма көнбеді. Жұлқынып, мені итеріп жіберді. Өзі қабырғаға соғылып, дәретханада басын жарды. Он секунд дәретхана еденінде жатты. Бірақ оның көзі ашық болды, содан кейін баяу орнынан тұра бастады. Мен оған көмектеспедім. Мен дәретханада сағаттар мен неке сақинасының суға ағызылғанын көрдім. Мен оған оларды ал деп айттым. Ол денесін көтеріп, қайтадан сұлқ ете түті.Тепе-теңдігін жоғалтып, бетімен плиткалы еденге соғылды. Содан кейін мен оған көмектестім, ол қабырғаға сүйеніп, содан соң отырды. Қансыраған түрін көрдім, - деді Бишімбаев.
Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.
Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады.
Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.
12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.
Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.
Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.