Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Төрехан Сабырхан бокстан чемпион атанды, деп хабарлайды Alash.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандық боксшы финалда Иордания спортшысы З. Ишашпен кездесті. Өте тартысты өткен жекпе-жекте Төрехан Сабырхан төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетіп, Азия ойындарының алтын жүлдесін иеленді. Екінші орын мен күміс медаль Иордания өкілі З. Ишашқа бұйырды.
Бұл жеңіс Қазақстан боксы үшін тарихи оқиға болып саналады. Себебі бұл — еліміздің бокстан Азия ойындарында соңғы 12 жылда жеңіп алған алғашқы алтын жүлдесі. Соңғы рет қазақстандық боксшылар 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында чемпион атанған еді. Ал 2018 жылы Джакартада және 2022 жылы Ханчжоуда өткен Ойындарда Қазақстан құрамасы бокстан алтын медаль ала алмаған болатын.
Осылайша, Төрехан Сабырхан бокстан Азия ойындарындағы 12 жылға созылған үзілісті тоқтатып, ұлттық құрама қоржынына көптен күткен алтын медальді салды.