Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жауапсыз сұрақ қалмауы тиіс!»: Жан Ахмадиев өмір бойына сотталған Шымкент тұрғынына араша түсті (ВИДЕО)

13:31, 01 қазан 2026

Шымкентте кәмелетке толмаған балаға қатысты ауыр қылмыс жасады деп айыпталған Бағжан Әбдібек өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылған. Алайда, сотталған азаматтың қорғау тарапы бұл шешіммен мүлдем келіспей отыр. Олардың айтуынша, тергеу процесі кезінде өрескел заң бұзушылықтарға жол берілген.

Бұл іске қатысты белгілі блогер Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдіріп, тергеудің кемшін тұстарын атап өтті.

«Шымкентте бір адам өмір бойына сотталды! Бағжан Әбдібек кәмелетке толмаған балаға қатысты ауыр қылмыс жасады деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Алайда, қорғау тарапы тергеу барысында өрескел заң бұзушылықтар болғанын, маңызды дәлелдер мен куәгерлердің жауаптары толық тексерілмегенін алға тартады. Бір адамның тағдыры шешіліп жатқанда, жауапсыз сұрақ қалмауы тиіс! Енді кассациялық соттан әділ әрі объективті шешім күтеміз!», — деді блогер Жан Ахмадиев.

Қазіргі уақытта қорғау тарапы кассациялық шағым түсіріп, істің әділ әрі объективті қайта қаралуын күтіп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар