Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бәрін көріп-бөліп отыр… Айтарым көп!”: Төреғалидің әйелі жазба жариялап, елді алаңдатып қойды

15:18, 22 маусым 2026

Әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы желідегі парақшасында жазба жариялап, жұртшылықты ойландырып қойды, деп жазады Alash.kz.

«Сәлем бердім! Қалайсыздар?! Бәрін көріп-біліп отырған шығарсыздар! Менің де айтарым көп! Екінші тарапты күтіп отырмын. Жақсылықтың жаршысы болайық», – деп жазды Толқын Тұрарбекқызы.

Әншінің жары бұл сөздерінің нақты кімге бағытталғанын ашып айтқан жоқ.

Еске сала кетейік, күні кеше Төреғали Төреәлінің продюсері Жан Мұқанов әншінің концерттер мен гастрольдерге шықпайтынын мәлімдеген еді.

«Бүгіннен бастап әртіс Төреғали Төреәлі концерттік және гастрольдік қызметін тоқтатады. Арнайы өкім шыққанға дейін ол концерттерде, жеке іс-шараларда және өзге де алаңдарда өнер көрсетпейді», – деді Жан Мұқанов ресми мәлімдемесінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар