Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тарихи жеңіс». Қуанышты хабар: Қазақстандық фехтованиеші Ирина Бакалдина чемпион атанды

19:23, 21 маусым 2026

Қазақстандық фехтованиеші Ирина Бакалдина Азия чемпионатының жекелей сынында алтын жүлде иеленіп, отандық спорт тарихында айтулы нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz.

28 жастағы спортшы ұлттық құрама тарихында шпагамен жекелей сын бойынша құрлықтық додада топ жарған тұңғыш өкіл ретінде тіркелді. Ол бас жүлдеге барар жолда төрт бірдей қарсыласын қапы қалдырып, жарыс жолынан шығарды. Ал шешуші финалдық кездесуде Гонконг спортшысы Кайлин Син Йанмен шеберлік байқасып, 15:12 есебімен айқын басымдық танытты.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан қоржынына түскен биылғы Азия чемпионатының екінші жүлдесі. Осыған дейін ерлер арасындағы шпага бәсекесінде отандасымыз Руслан Құрбанов сәтті өнер көрсетіп, қола медальді еншілеген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар