Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бес адам қаза болды». Төтенше жағдай: Астана іргесінде қайғылы жол апаты тіркелді

21:19, 21 маусым 2026

Астана – Қорғалжын тасжолында «Kia» және екі бірдей «Toyota» маркалы автокөліктерінің қатысуымен орын алған жойқын жол апаты салдарынан бес адам тіл тартпай кетіп, тағы бес адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайғылы оқиға бүгін күндізгі уақытта Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының аумағында болған. Нақтырақ айтқанда, жол-көлік оқиғасы Оразақ және Өтеміс ауылдарының арасындағы тасжол бөлігінде тіркелді. Онда «Kia», «Toyota Fortuner» және «Toyota Land Cruiser» маркалы үш жеңіл автокөлік өзара қатты соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сондай, соқтығысудан кейін қос «Toyota» көлігі бірден өртке оранған. Апат салдарынан бес адам оқиға орнында көз жұмса, дене жарақатын алған тағы бес зардап шегуші қазіргі уақытта медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Орын алған қайғылы жағдайға байланысты Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады:

«Қазіргі уақытта осы оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жол апатының барлық мән-жайлары анықталып жатыр».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар