Илон Маск АҚШ қазынасындағы қаржыны тікелей азаматтарға тарату идеясын қолдайтынын мәлімдеді, деп жазды Alash.kz.
Ол бұл пікірін X әлеуметтік желісінде Ақ үйдің жасанды интеллект әзірлейтін компанияларды мемлекеттік бақылауға алу жоспары туралы жарияланымға пікір білдіру кезінде айтты.
Бұған дейін АҚШ сенаторы Берни Сандерс жасанды интеллектпен айналысатын компаниялардың кем дегенде 50 пайызы қоғамның меншігінде болуы керек деген ұсыныс жасаған.
Осыған жауап ретінде Маск мемлекеттік қаражатты компаниялар арқылы емес, тікелей халыққа бөлуді тиімдірек деп санайтынын жеткізді.
«Егер тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуі ақша массасының ұлғаюынан жоғары болып тұрса, ал жасанды интеллект пен роботтандыру жағдайында дәл солай болады, онда инфляция болмайды. Керісінше, біз дефляциямен күресуге мәжбүр боламыз деп болжаймын», – деп жазды кәсіпкер.
Масктің пікірінше, жасанды интеллект пен роботтардың кеңінен енгізілуі өндіріс тиімділігін арттырып, көптеген тауарлар мен қызметтердің құнын төмендетуі мүмкін. Сондықтан азаматтарға тікелей қаржылай қолдау көрсету инфляцияны күшейтпейді деген көзқарасты ұстанады.