Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Шұғыл тежегішті басқан»: Түркістан облысында 5 жасар бала рельске шығып кеткен

19:09, 21 маусым 2026

Түркістан облысындағы Шорнақ станциясының маңында бес жасар бала теміржол рельстеріне шығып кетіп, жолаушылар пойызының машинисі қырағылық танытуының арқасында оны қағып кетуден аман алып қалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқыс оқиға 20 маусым күні сағат 15:08-де Түркістан – Шиелі учаскесінде орын алған. Сол сәтте аталған бағытта «Алматы-2 – Саратов» қатынасындағы №7/8 жолаушылар пойызы келе жатқан. Локомотив бригадасы рельс бойында жүрген кішкентай баланы байқаған бойда, пойыздың жылдамдығы сағатына 70 шақырым болғанына қарамастан, шұғыл түрде тежеу жүйесін іске қосқан. Осы уақытылы жасалған әрекеттің нәтижесінде үлкен қайғылы жағдайдың алды алынды. Осы оқиғаға байланысты пойыздың сапары небәрі төрт минутқа кідірген.

Болған жағдайға қатысты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме таратты:

«20 маусым күні сағат 15:08-де Түркістан – Шиелі учаскесінің Шорнақ станциясы маңында «Алматы-2 – Саратов» бағытында қатынайтын №7/8 жолаушылар пойызының машинисі теміржол рельстерінде жүрген бес жасар баланы қағып кетудің алдын алды. Локомотив бригадасы пойыздың қозғалыс жылдамдығы сағатына 70 шақырым болған кезде шұғыл тежеуді қолданды, соның арқасында қайғылы жағдай орын алмады. Пойыздың кідірісі төрт минутты құрады».

 

 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар