АҚШ пен Иран арасындағы тікелей келіссөздер бүгін Швейцарияда басталуы мүмкін, деп жазды Alash.kz.
Таяу Шығыстағы ахуалдың күрт шиеленісуіне және Ормуз бұғазын жабу туралы мәлімдемелерге қарамастан, Вашингтон мен Тегеран дипломатиялық диалогты қайта жалғастыруға дайындалып жатыр.
Бастапқыда келіссөздер жұма күні өтуі тиіс болған. Алайда Ливандағы Израиль әскерінің шабуылдарына байланысты кездесу кейінге шегерілген еді.
Тараптар өңірдегі қауіпсіздік жағдайын, әскери қақтығыстарды тоқтату мүмкіндіктерін және өзара міндеттемелердің орындалуын талқылайды деп күтілуде.
Сарапшылардың пікірінше, Швейцариядағы кездесу АҚШ пен Иран арасындағы шиеленісті төмендетуге бағытталған маңызды дипломатиялық қадам болуы мүмкін.