Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Таяу шығыс: Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі елді мекендерді атқылап, ондаған адам қаза тапты

12:02, 21 маусым 2026

Жұма күні қол жеткізілген кезекті бітім келісіміне қарамастан, Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Хезболла нысандарына қарсы операцияларын жалғастырды, деп жазды Alash.kz.

Израиль әскері Ливанның оңтүстігінде қозғалысқа тиесілі 80 әскери нысанға соққы жасалғанын мәлімдеді. Ал Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, сенбі күні шабуылдар салдарынан кемінде 47 адам қаза тапқан.

Осы оқиғалар аясында Иранның Ормуз бұғазын қайта жапқаны туралы ақпарат тарады. Алайда бұл мәлімдемелерді АҚШ Орталық қолбасшылығы жоққа шығарды.

Әскери ведомствоның хабарлауынша, Ормуз бұғазы арқылы коммерциялық кеме қатынасы қалыпты режимде жалғасып жатыр.

«АҚШ Қарулы күштері аймақта қалып, кеме қатынасының еркіндігін қамтамасыз етуді жалғастыруда. Бүгіннің өзінде бұғаз арқылы 55 сауда кемесі қауіпсіз өтті», – делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, соғысты түпкілікті тоқтату мәселесін талқылау үшін Швейцарияға Иран, АҚШ және Пәкістан делегациялары келді. Тараптар келіссөздердің жаңа кезеңін өткізіп, қақтығысты толық аяқтау жолдарын қарастырмақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар