Белгілі боксшы Назым Қызайбай Қытайдың Гуйян қаласында өткен бокстан әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп жазды Alash.kz.
Қазақстандық спортшы 54 келі салмақ дәрежесіндегі финалда италиялық Сирин Чараабимен кездесті.
Назым Қызайбай 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Еске сала кетелік, Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы. Ол бұған дейін 2025 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында 48 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен.