Қытайдың Гуйян қаласында өткен бокстан Әлем кубогында Қазақстан құрамасы 3 алтын медаль жеңіп алды, деп жазды Alash.kz.
Финалдық жекпе-жектер нәтижесінде қазақстандық боксшылар жоғары нәтиже көрсетті.
Алтын медаль иегерлері:
- Абылайхан Жүсіпов
Ол финалда Үндістан боксшысы Дипак Дипакпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан (5:0) шешімімен жеңіске жетті. Бұл — Жүсіповтің World Boxing сериясындағы алғашқы алтын медалі. - Виктория Графеева
60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Графеева үш дүркін Әлем кубогы чемпионы атанды. Финалда ол Тайвань спортшысы Линь Юйтиннен 3:2 есебімен басым түсті. - Назым Қызайбай
54 келіге дейінгі салмақта финалда Италия өкілі Сирин Шаарабиді 4:1 есебімен жеңіп, Қазақстанға тағы бір алтын сыйлады.
Осылайша, финалдық сессияда өнер көрсеткен үш қазақстандық боксшының бәрі де жеңіске жетіп, ел қоржынына үш алтын медаль қосты.