Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанның жеңіл атлеттері Қытайдағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстанның жеңіл атлеттері Қытайдағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қытайдың Шаосин қаласында өтіп жатқан эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп жазады Alash.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, қазақстандық жеңіл атлеттер 4×400 метрлік аралас эстафетада жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленді. Эльнор Мұхитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс мәреге 3:16.75 нәтижесімен бірінші болып жетті.

Күміс медальді Үндістан құрамасы жеңіп алды – 3:17.06. Ал Қытай командасы 3:17.20 нәтижесімен үшінші орынға тұрақтады.

Азия чемпионаты 21 маусымда аяқталады. Қазақстан құрамасы ерлер және әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафета жарыстарында да бақ сынайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар