Таиландта жоғалған қазақстандық рэпер. Дархан Жұмабек аман-есен табылды, деп жазады Alash.kz.
Бұл туралы режиссер Парасат Ибраев желідегі парақшасында хабарлады.
"Дархан аман-есен табылды! Осы күндері алаңдап, іздеп, ақпарат таратып, қолдау көрсеткен барша жанға алғысымыз шексіз", - делінген жазбада.
SHOT-телеграм арнасының хабарлауынша, рэпер Пхукеттегі ауруханалардың бірінен табылған. Отбасының мәлімдеуінше, ол ешқандай ауыр жарақат алмаған.