Түркияда қызын кәмелетке толмаған шағында діни некемен тұрмысқа бергені үшін қоғамда үлкен резонанс тудырған іс қайтадан қызу талқылануда, деп жазды Alash.kz.
Исмаилаға жамағатына жақын деп саналатын Хиранұр қорының негізін қалаушы Юсуф Зия Гүмүшел өз қызын алты жасында 29 жастағы мүритіне діни жолмен қосқан деген айыппен құқық қорғау органдарының назарына іліккен.
Бұл іс Түркияда балалар құқығы, ерте неке және діни қауымдардың қызметі төңірегінде қызу пікірталас туғызды. Қоғам белсенділері мен құқық қорғаушылар кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуді талап еткен.
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, сот процесі барысында Юсуф Зия Гүмүшелдің денсаулық жағдайына байланысты үйқамаққа жіберілгені хабарланған. Оның үйқамаққа шығарылуын қолдаушылары қуанышпен қарсы алғаны да қоғамда сынға ұшырады.
Аталған оқиға Түркияда ерте жастағы некелердің алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң талаптарының сақталуы мәселелерін қайта көтерді.
Сонымен қатар, қыз баланың құқықтарының қорғалуы мен оның қазіргі жағдайына қатысты ресми ақпарат шектеулі күйінде қалып отыр. Тергеу мен сотқа қатысты мәселелер Түркия қоғамының назарында қала бермек.