Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанадағы өрт: Қаза тапқан үш баланың анасының қазіргі жағдайы белгілі болды

13:52, 19 сәуір 2026

Елордалық дәрігерлер үш баланың өмірін қиған пәтер өртінен аман қалған 39 жастағы келіншектің қазіргі жағдайы туралы ақпаратпен бөлісті, деп жазады Alash.kz. 

Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы әлі де ауыр деп бағаланғанымен, медицина мамандары қандай да бір теріс динамиканың жоқтығын және науқастың есін білетінін айтады.

Қазіргі уақытта науқасқа барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Оның тыныс алу жолдары зақымдалғандықтан, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Дәрігерлер жүрек соғысы мен қан қысымының қалыпты екенін, алайда күйік жарақаты мен улану салдарынан емдеу процесінің күрделі екенін алға тартады.

Бұл туралы дәрігер-травматолог Марат Сабиров мынадай толық мәлімет берді:

«Жағдайы ауыр, тұрақты, теріс динамика байқалмайды. Жағдайының ауырлығы күйік ауруымен, тыныс алу жолдарының зақымдануымен және интоксикациямен байланысты. Қазіргі уақытта науқас есін біледі, командаларға жауап береді. Барлық медикаментозды қолдау көрсетіліп жатыр. Тыныс алуы жасанды желдету аппаратымен қамтамасыз етілген. Жүрек жұмысы мен артериялық қысымы тұрақты».

».

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 12 сәуірге қараған түні елордадағы 21 қабатты тұрғын үйлердің бірінде орын алды. 15-қабаттағы пәтерден шыққан өрттен құтқарушылар бір әйелді шығарып үлгергенімен, үш баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Олардың жансыз денелері жалын шарпыған үйдің ішінен табылды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар