АҚШ президенті Дональд Трамп ресми Тегеранмен арадағы текетіресті шешудің жаңа кезеңін жариялап, Иран тарапына қатаң талаптар қойды, деп жазады Alash.kz.
Ақ үй басшысының мәлімдемесіне сәйкес, америкалық делегация келіссөздер жүргізу мақсатында Пәкістан астанасына аттанған. Трамп бұл жолғы ұсыныстың тиімді екенін айта келе, келісім орындалмаған жағдаида Иранның стратегиялық нысандарына соққы жасалатынын ашық ескертті.
АҚШ әкімшілігінің өкілдері Исламабадта кездесулер өткізіп, тараптар арасындағы түйткілді мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр. Президент бұл қадамды Иран тарапынан келетін қауіпті тоқтатудың шешуші мүмкіндігі ретінде бағалады. Трамптың айтуынша, ұсынылған келісімнен бас тарту Иранның энергетикалық және көлік инфрақұрылымы үшін ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін.
Дональд Трамп Truth Social желісіндегі ресми парақшасында мәселенің мән-жайын былай деп баяндады:
«Менің өкілдерім Пәкістанның Исламабад қаласына бет алды. Олар келіссөздер жүргізу үшін ертең кешке сонда болады. Біз өте әділ әрі ақылға қонымды мәміле ұсынып отырмыз, және мен олар оны қабылдайды деп үміттенемін, өйткені, егер олай болмаса, Америка Құрама Штаттары Ирандағы әрбір электр станциясын және әрбір көпірді істен шығарады. Иранның кісі өлтіру машинасымен аяқтайтын уақыт келді».