Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әскери борышын өтеп жүрген тағы бір сарбаз көз жұмды (ВИДЕО)

13:45, 25 қаңтар 2026

Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметін атқару кезінде мерзімді әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан өзіне-өзі оқ атты. Ол алған жарақатынан көз жұмды, деп жазады Alash.KZ. 

Әскери қызметші былтыр сәуірде мерзімді әскери қызметке шақырылған.

"Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасының бақылауында. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда", - делінген хабарламада.

Оқиға орнында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтің жетекшілігімен комиссия жұмыс істеп жатыр.

Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерінің басшылығы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі.

 

Бұған дейін, 6 қаңтарда Шымкенттегі ауруханада мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмған еді. Оның жүрегі кенеттен тоқтаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар