Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Алты азаматқа өлім жазасы»: Дубайдағы қанды оқиғаға қатысқан Өзбекстан азаматтарына ауыр үкім кесілді (ВИДЕО)

09:32, 24 қаңтар 2026

Дубайда болған қанды оқиғаға байланысты Өзбекстанның алты азаматына ең ауыр жаза кесілді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Жергілікті сот жаппай төбелеске қатысып, адам өліміне себепкер болған алты шетелдікті өлім жазасына үкім етсе, тағы бір қатысушыны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Бұл жанжал өткен жылдың сәуір айында екі топтың арасындағы ескі араздықтан туындаған. Төбелес салдарынан Өзбекстанның екі азаматы көз жұмды: бірі оқиға орнында пышақ жарақатынан мерт болса, екіншісі ауруханада есін жимастан қайтыс болды. Тергеу барысында ұсталғандардың барлығы дерлік өз кінәсін мойындаған.

Оқиғаның мән-жайы туралы басылымдар былай деп жазады:

«Қаза тапқандардың бірі қызыл түсті Mercedes көлігінен дөңгелектерін тексеру үшін түскен сәтте бір топ адамның шабуылына ұшыраған. Екінші адам қашып құтылуға тырысқанымен, көп ұзамай басқа топтың қолына түскен».

Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі бұл қатаң үкімге қатысты ресми наразылық білдіріп, апелляциялық шағым түсіретінін жариялады. Ведомство өкілдері сот процесінің әлі де ұзаққа созылатынын атап өтті:

«Бұл процесс бірнеше жылға созылуы мүмкін».

Қазіргі таңда дипломатиялық корпус өз азаматтарының құқығын қорғау және жазаны жеңілдету бағытында жұмыс істеп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар