Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мен әлсізбін, сынақтарым өте көп...". Әнші Айдана Меденова "хиджабты неге шешіп тастады" деп айыптағандарға өз шындығын айтты

12:38, 24 қаңтар 2026

Әнші Айдана Меденова сұхбат беріп, хиджабқа қатысты сауалдарға пікірін білдірді, деп жазды Alash.kz

Әнші Меденова намазға бет бұрғаннан кейін араб жазуларын үйреніп, бір жыл ішінде араб тілін түсіне бастағанын жеткізді. Ол иман жолына түсу үшін дінді терең зерттеп, Құран Кәрімді оқып үйренген.

Дегенмен, әнші бірнеше ай бұрын орамалын шешкенін айтты. Басты себеп – сахнаға қайта оралғысы келуі. Меденова өз тәжірибесін былай түсіндірді:

«Мен өзімді шынайы әлсізбін деп атауға болады. Өнерге әлсіздік таныттым, оған құмармын. Өнер маған басқа эмоциялар береді. Өмірде әртүрлі кезеңдер болады, ал қазіргі уақытта маған өнер қажет».

Әнші намаздан қол үзбегенін атап өтті. Сонымен қатар, сахнадағы міндеттерін орындағаннан кейін орамалға қайта оралу мүмкіндігін жоққа шығармады. Меденова хиджабпен жүру оған ыңғайлы екенін де жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар