"Әбіл" көркем фильмі Дакка халықаралық кинофестивалінде екі жүлде жеңіп алды, деп жазды Alash.kz.
Бангладеш астанасы Дакка қаласында өткен 24-ші Dhaka International Film Festival кинофестивальінде "Әбіл" көркем филмі "Үздік қоюшы-оператор" және "Үздік актер" номинацияларымен марапатталды.
Фестивальдің биылғы конкурстық бағдарламасына қазылық еткен халықаралық киноөнер саласының мамандары –норвегиялық кинопродюсер Ингрид Лилл Хёгтун, италиялық кинопродюсер және дистрибьютор Лидия Генчи, бангладештік актриса Сайеда Тухин Ара Карим, жапониялық режиссер Масахиро Ото және түркиялық режиссер Рейис Челик, фильмнің қоюшы операторы, польшалық Иоланта Дылевска мен актер Ерлан Төлеутайды аталмыш жүлделерге лайық деп таныды.