Түркістандық хирургтер 8 айлық сәбидің іш қуысына кіріп кеткен инені алып шықты, деп хабарлайды Alash.kz.
Түркістан қалалық орталық ауруханасының хабарлауынша, нәресте ауруханаға алғашында мүлдем басқа диагнозбен, яғни қызылша белгілерімен түскен.
Кешенді тексеру барысында рентген түсірілімі баланың ағзасында бөгде зат барын көрсетті. Дәрігерлер иненің баланың асқазаны арқылы емес, бауыр тұсынан теріні тесіп өткенін анықтады. Дәл осы металл зат сәбидің денсаулығының сыр беруіне негізгі себеп болған.
«Сәбидің мазасыздануы мен дене қызуының көтерілуі жұқпалы аурудан емес, дәл осы бөгде заттың әсерінен болғаны белгілі болды. Иненің баланың асқорыту жолы арқылы емес, бауыр тұсынан енгені анықталды», - делінген ресми хабарламада.