Дубайда төбелеске қатысқан Өзбекстанның 6 азаматы өлім жазасына кесілді, деп жазады Alash.KZ.
Тағы біреуі өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Жаппай төбелес 2025 жылдың сәуірінде болған. БАҚ мәліметінше топтар арасындағы төбелеске бұрынғы жанжал себеп болған. Нәтижесінде бір адам пышақ жарақатынан, екінші адам ауруханада жан тапсырды.
Ал Өзбекстан билігі үкіммен келіспейтінін мәлімдеп, аппеляцияға шағым түсіретінін жеткізді.