Украина президенті Владимир Зеленский хабарлағандай, Абу-Дабиде делегациялар арасындағы келіссөз «қазірдің өзінде өтіп қойды», тараптар «соғысты аяқтау параметрлерін» талқылаған, деп жазды Alash.kz.
Зеленский өз телеграм-каналында мәлімдеді:
«Маған украиналық өкілдер дерлік әр сағат сайын есеп береді, олар қазір Эмираттарда. Бүгін украиналық, америкалық және ресейлік делегациялар кездесіп, әңгіме өтті. Бұл маңызды, себебі ұзақ уақыт бойы мұндай үш жақты кездесулер болмаған еді», - деді президент.
Оның сөзінше, «бүгінгі келіссөздің мазмұнына қатысты қорытынды жасауға әлі ерте, әңгіменің қалай өрбитінін, нәтижелері қандай болатынын ертең көреміз».