Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Биыл халыққа 50 сотықтан жер беріледі

10:24, 25 қаңтар 2026

Өзбекстанда ата-бабадан қалған табиғи ресурстарды бүгінгі ұрпақтың әл-ауқатының іргетасына айналдыруға бағытталған бұрын-соңды болмаған ауқымды науқан басталуда. Кедейлікті қысқартуға және халықты жұмыспен қамтуды кеңейтуге бағытталған жаңа мемлекеттік бағдарлама аясында тек 2026 жылдың өзінде 4 мың аз қамтылған отбасының әрқайсысы 10 жыл мерзімге 50 сотық жерді тегін алады, деп жазылған Alash.KZ.

Айта кетсек, мысалы, Ташкенттің Мірабад ауданында 50 сотық жердің нарықтық құны 4 миллион доллар тұрады. Осыдан-ақ елге қандай құнды актив таратылғалы тұрғанын аңғаруға болады.

Осы мақсатта жалпы көлемі 2 мың гектар орман алқабы экономикалық айналымға енгізіліп отыр. Ол жер енді жайқалған тұт бақтарына айналуы шарт. Осының арқасында жер абстрактілі "халық байлығы" болып қала бермей, отбасыларға дәл қазір табыс әкелетін, бұқараға арналған бастапқы капиталға айналады.

"Мемлекет мұнда шығындардың едәуір бөлігін өз мойнына алады: үйінің жанында бақшалық жері барларға және фермерлік шаруашылық иелеріне сертификатталған көшеттерді сатып алуға жұмсайтын шығындарының 50% бюджет есебінен өтеледі. Шпалер орнатуға 20 мыңнан 70 мың сумға дейін субсидия қарастырылған. Тамшылатып суару жүйесін енгізген жер иелеріне әрбір сотық үшін 160 мың сум өтемақы төленеді", – деп хабарлады өзбектің Spot порталы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар