Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Адам өліміне күдікті». Шұғыл! Рудныйда кәмелетке толмаған екі жасөспірімге іздеу жарияланды (ВИДЕО)

10:08, 24 қаңтар 2026

Қостанай облысының Рудный қаласында орын алған кісі өлтіру қылмысына күдікті ретінде екі жасөспірімге республикалық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Күдіктілер - 2008 және 2009 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірімдер.

Бейресми мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға салдарынан 2006 жылы туған бозбала қаза тапқан. Қазіргі уақытта полиция департаменті аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау органдары күдіктілерді анықтап, оларды ұстау үшін жеке құрамды жұмылдырды.

«Күдікті тұлғалар анықталды. Қазақстан бойынша полицияның жеке құрамына бағдарлама беріліп, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», - деп хабарлады полиция департаментінің өкілдері.

Қазіргі уақытта іздеу шаралары еліміздің барлық аймақтарында жалғасуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар