Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Камераға екі оқушының қашып бара жатқаны түсіп қалған". Рудныйда пышақталған 20 жастағы жігітке қатысты сұмдық дерек шықты

13:29, 24 қаңтар 2026

Қарағанды облысында 20 жастағы азамат кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды  Alash.kz.

Бұған дейін 23 қаңтарда көпқабатты үйлердің бірінде Рудный тұрғынының мәйіті табылған еді. Полиция оқиғаға байланысты 17 және 18 жастағы екі жасөспірімге іздеу жариялаған. Оларға 20 жастағы жігітті өлтірді деген күдік тағылған.

Желіде тараған видеожазбадан күдіктілердің подъезден жүгіріп шығып бара жатқан сәті, сондай-ақ екінші жасөспірімнің бар «ақылды» домофонның алдында ұзақ уақыт тұрып, пәтерге қоңырау шалуы көрініп тұр. Бірнеше уақыттан кейін үйдің алдында жедел жәрдем көлігі келгені де анықталған.

Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында толық анықталады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар