Шымкентте кісі өлімімен аяқталған төбелеске қатысы бар тағы үш күдікті ұсталды, деп жазады Alash.KZ.
Василий Колесниковті өлтіру дерегі бойынша тағы үш күдікті ұсталды. Олар Түркістан облысының Түлкібас ауданында бой тасалап жүрген.
Оқиға 20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелері қиылысында болған. Екі жүргізуші арасындағы жанжалға үшінші көлікпен келген өзге адамдар да қосылған.
Төбелес кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі - Василий Колесников көз жұмған болатын.