Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өндірістік станок қысып жіберген". Оралда ауыр жарақат алған азамат оқиға орнында көз жұмды

18:35, 24 қаңтар 2026

Орал қаласында орналасқан жеке серіктестіктердің біріне қарасты шұжық цехының аумағында қайғылы оқиға болды. 40 жастағы жұмысшыны өндірістік станок қысып қалған. Ауыр жарақат алған азамат оқиға орнында көз жұмды,  деп жазды Alash.kz.

Бұл деректі Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті растады.

– Аталған оқиға өндірісте тіркелді. Қазіргі уақытта мән-жайы анықталып, тиісті тексеру жүргізіледі, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Ал БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі марқұмның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалғанын, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар