Танымал әнші, KeshYou тобының экс-мүшесі Айдана Меденова араға жылдар салып, өнері мен жеке өмірі туралы сұхбат берді, деп жазады Alash.kz.
Өнер иесі журналист Аман Тасығанға намазға келгеніне қатысты тылсым оқиғаның болғанын айтты.
Менің өмірімде әртүрлі сынақтар болған. Мен өте ерте есейдім. Сондықтан, барлығына бейтарап қараймын. Ел айтады. Қояды. Мен тқрт жыл намаз оқығанмын. Бірақ, еш жерде ештеңе айтпадым. Неге? Өйткені, ол - үлкен жауапкершілік. Менің образдарым да сәйкес келмеді. Шыны керек. Жақын адамдарым біледі ғой. Әріптестерім “сен намаз оқып жүрсің бе, қалай оқып жүрсің?” деп сұрайтын. Соны естіп, “ой, жоқ, мен айтпаймын” дейтінмін. Өйткені, бәрі таңғалады. Сөз келтіремін. Сын болады. Біз бәріміз керемет емеспіз. Бірақ, намаз - ол, парыз. Сол кезде намаз бастадық. Неге бастадық? Сегіз жыл бұрын күйеуіміз екеуміз қол ұстасып, бір күнде намаз бастадық. Біздің өмірімізде ақиқатты ашатын жағдайлар болды. Оны мен қазір ашып айта алмаймын. Өйткені, өте үлкен тақырып. Оның алдында да түс көрдім. Аян, түстерге қатты сенбейтінмін. Бірақ, әр болған жағдай менің басымда қалып жатты. Өмірде адамдармен болып жатқан жағдайларды көріп қалғанда, “мен болдым” дедім. “Алла, сен маған бәрін көрсеттің. Рақмет! Мен енді бәрін білемін… Мен не үшін өмірге келдім. Біздің миссиямыз қандай? Біздің мақсттарымыз қандай?” Бізде тек Алла бар екенін, бізді Алла жаратқанын бір сәтте түсіндім.
Ол оқиғаны айта алмаймын. Немен байланысты екенін айтайын. Параллельді әлем деп айтады ғой. Сол әлеммен байланысты. Соған куәгер болып қалдым.