Қайғылы оқиға 24 қаңтар күні Жетісу облысының Ақсу ауданында "Көшкентал – Қапал" автожолында болған, деп жазады Alash.KZ.

Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы автокөліктері соқтығысқан.
Оқиға орынында 5 адам қаза тауып, 2 жолаушы түрлі дәрежедегі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.