Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сіз жүргізіп отырған саясатты сөзсіз қолдаймын!» - Ким Чен Ын Путинге әлем күтпеген хат жолдады

11:53, 09 қаңтар 2026

КХДР басшысы Ким Чен Ын Ресей президенті Владимир Путинге арнайы жауап хат жолдап, оның ұстанған бағытына қолдау білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Кореяның Орталық телеграф агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, Солтүстік Корея жетекшісі Ресейдің қазіргі саясатын мәңгілікке қолдайтынын жеткізген.

Ким Чен Ын өз хатында былай деп жазған:

«Сіз жүргізіп отырған барлық саясат пен қабылдап жатқан шешімдерді толық құрметтеймін және сөзсіз қолдаймын. Әрдайым Сізбен және Сіздің Ресейіңізбен бірге болуға дайынмын. Бұл таңдау өзгермейді және мәңгілік болып қалады».

Сонымен қатар, хабарламада КХДР тарапының Ресеймен серіктестікті нығайтуға бейілді екені және бұл ұстанымның айнымас сипаты атап өтілген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар