Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алтай өлкесінің аудан әкімін дәмханадан шыққан бойда тұрғын оқ атып өлтірді

14:49, 04 наурыз 2025 2898

Алтай өлкесінің Завьялов ауданының әкімі Николай Онищенко қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.

«2025 жылғы 4 наурыз күні түстен кейін Завьялово ауылында орналасқан кафеден шыққан сәтінде аудан әкіміне оқ атылып, ол қаза тапты», – делінген ведомство таратқан хабарламада.

Осы оқиға бойынша Ресей Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыс жасады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Тергеушілер қылмыстың себептері мен мән-жайларын анықтап жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар