"Рекетир" фильмінде басты рөлді сомдаған белгілі актер Мұрат Бисембинмен қоштасу рәсімі ертең, 9 қаңтар күні өтеді, деп жазады Alash.KZ.
Жаназа сағат 10:00-де Алматы қаласы Саяхаттағы Орталық мешітте оқылады.
Марқұм актердің қызы Instagram желісіндегі ресми парақшасында әкесімен қоштасу рәсімінің ертең өтетінін жазды.
"Достар, әкеммен қоштасу рәсімі ертең өтеді. Мекен-жай: Пушкин көшесі, 16. Ал жаназа намазы Орталық мешітте сағат 10:00-де өтеді", – деп жазды актердің қызы.

Еске салайық, актер Мұрат Бисембин көпшілікке «Рэкетир» фильміндегі басты рөлі арқылы кеңінен танылған.
Ол бір жылдан астам уақыт онкологиялық дертпен күрескен.